Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖРВИ эпидахуал

ЖРВИ эпидахуал

   2019-2020жж. эпидмаусымында жалпы облыс көлемінде жедел респираторлы вирусты инфекциясының  3327 жағдайы есепке алынып, 100 мың халыққа шаққандағы аурушаңдық көрсеткіш 428,1%00 құраған.
Ауруға шалдыққандардың 72,5% (2415) 14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде, оның ішінде 16% (396) 1 жасқа дейінгі балалар.  Есепте тұрған 9730 жүкті әйелдің 163 ЖРВИ-на шалдыққан. Ауруханаға жатқызылу  көрсеткіші  жалпы облыс бойынша 19% (632 жағдай) құрады. 
 Апталық аурушаңдық көрсеткіш мониторингісіне сәйкес   облыстық аурушаңдық апталық көрсеткішінің бақылау деңгейінен асуы және эпидахуалдың күрделенуі байқалмаған. 
2019-2020 жж. эпидмаусымында  ауыр ағымдағы  жедел респираторлы вирусты инфекциясымен  119 науқас Ұлттық сараптама орталығының вирусологиялық  зертханасына ПТР әдісімен тексеріліп, 84 сынамада тұмау емес вирустарға оң нәтиже анықталды. Олардың 29-аденовирус, 4- РС, 5- парагрипп, 13 – риновирус, 17- бокавирус, 16-короновирус.
Тұмау  ауруының алдын алу мақсатында  «Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту  туралы» қаулысына сәйкес 2019-2020 жж. эпидмаусымына 80 000 доза вакцина сатып алынды.
Егілуге тиісті тұлғалар конитгентіне келесі топтар кіреді: медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататын балалар, алты айдан асқан көп ауыратын балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, сәбилер үйлері балалары, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушылары, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместрінде жүкті әйелдер, жүрек-қантамырлық жүйесінің және тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар адамдар. Бүгінгі таңда 78199 адам екпе қабылдады, бұл егілуге жататын контингенттің 100% құрап отыр.
 Жұмыс берушілер есебінен де вакцинациялау қарқынды жүргізілуде. Жұмыс берушілермен жүргізілген жұмыстың нәтижесінде қаржылай қолдау көрсетіліп, 2000-ға жуық қыметкер тұмауға қарсы екпемен қамтылды.  
11 желтоқсан 2019 ж. 972 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам