Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӘЛЕУМЕТТІК АУРУМЕН ҚАЛАЙ КҮРЕСЕМІЗ?

ӘЛЕУМЕТТІК АУРУМЕН ҚАЛАЙ КҮРЕСЕМІЗ?

   Қазіргі таңда дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай облыс көлемінде 24 ақпан-24 наурыз аралығында туберкулездің алдын алу айлығы жарияланып, бұл бағытта іс-шаралар жүргізілуде. Осы бағыттағы шаралар барысымен таныстыру мақсатында облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде баспасөз мәслихаты өткізілді.
Туберкулез — ешқашан күн тәртібінен түспейтін ауру түрі. Бұл дерттің әлеуметтік аурулар қатарында алдымен аталатыны сондықтан. Бүгінде аурудың біздің облысымыздағы көрсеткіші әлдеқайда төмендеп, соңғы он жылда 2,5 есеге азайған. Мамандардың тынымсыз ізденісі, сауатты ем-дом, үгіт-насихат шаралары қазіргі уақытта әлдеқайда оң нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік туғызды. Облысымыздың Арал, Қазалы, Жалағаш және Шиелі аудандарында аурушыңдық деңгейінің төмендеуіне байланысты диспансерлер жабылуда.
Журналистермен жүздесу шарасына облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова, облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері Әбдіғабит Әбләзімұлы қатысты. Жиында Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшы орынбасары Әлия Әбдіқайымова өткен жылы облыста туберкулездің 100 мың халыққа шаққандағы аурушаңдық деңгейі 2016 жылдан 10,3 пайызға төмендегенін атап өтті. Бүгінде барлығы 1096 науқас туберкулездің белсенді түрімен есепте тұрады.
Ал диспансердің бас дәрігері Ә.Әбіләзімұлының айтуынша, туберкулездің көптеген дәрілерге төзімділік қалыптастыруының бірден бір себебі – емнің әр түрлі себептермен үзілуі.
Осы фактордың алдын алу, болдырмау мақсатында да облыста ауқымды шаралар жүргізілуде. Атап айтқанда, облыстық мәслихаттың шешімімен туберкулезбен ауырған науқастарға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі. Яғни, науқастарға амбулаториялық кезеңде алатын емін үзбеу үшін оларды ынталандыру мақсатында 2014 жылдан бері әлеуметтік көмек көрсетілуде. Оған бөлінген қаржы да жыл сайын өсіп келеді. Өткен жылы 523 науқасқа бөлінген 124 млн. 390 мың теңге толық иегрілді. Нәтижесінде туберкулездің белсенді түрімен есепте тұрған науқастар көрсеткіші төмендеп, ем сапасының артып отырғаны байқалады, – дейді бас дәрігер Әбдіғабит Әбләзімұлы.
                                                                    Биболат Сәтжан
27 наурыз 2018 ж. 1 379 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам