Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылорда облысы 2020 жылы 481 млрд теңге инвестиция тартуы қажет

Қызылорда облысы 2020 жылы 481 млрд теңге инвестиция тартуы қажет

   Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен аймққа инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңес отырысы өтті. Оған банк жүйесінің директорлары мен ірі және шағын кәсіп иелері қатысты. Күн тәртібіне  «Qazaq Camel» серіктестігінің түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру, «ABK Promservice» серіктестігінің Қызылорда қаласында шыны пластикалық-желілік және жоғары қысымды сорғы-компрессорлық құбырларды өндіру зауытының құрылысы жобалары ұсынылды.  
Өңірлік кеңестің басты мақсаты – инвестициялық жобаларға қатысты мәселелер бойынша тиімді шешім қабылдау. Биыл  кеңестің 3 отырысы өткізіліп, 4 инвестициялық жоба («Байқоңыр» еркін экономикалық аймағын құру және инвестиция тарту, инвесторларды сүйемелдеуге жауапты ұйым), кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мәселелері қаралған. Нәтижесінде Жалағаш («Номад Солар» ЖШС) және Шиелі аудандарында («Байқоңыр Солар» ЖШС) күн электр станцияларының құрылысы басталып, желтоқсан айында іске қосылуы жоспарлануда. Сонымен қатар, Қармақшы ауданындағы құс фабрикасына («Қармақшы құс» ЖШС) электр желілерін жүргізу үшін мемлекеттік бюджеттен 245,1 млн теңге бөлінген. Ал кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы инвесторларды сүйемелдеуге жауапты фронт-офис болып бекітілген.
30 қараша мен 1 желтоқсан аралығында «Қызылорда: тұрақты өрлеу, инвестициялық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында XI «Baikonyr Invest» форумы өтті. Форум аясында облыстың инвестициялық ахуалы таныстырылып, инвестиция қажет ететін жобалар мен жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындардың көрмелері ұйымдастырылды. Нәтижесінде құны 100 млрд теңгені құрайтын 24 меморандум мен 1 келісімшартқа қол қойылды.
"Атап өту қажет, Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алдағы 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімдегі инвестиция үлесін 2024 жылға қарай 30 процентке дейін арттыруды тапсырды. Осыған орай республика бойынша инвестиция көрсеткіші жоғары межемен бекітілді. Біздің облыс 2020 жылы 481 млрд теңге инвестиция тартуы қажет", - деді облыс әкімі.
Күн тәртібінде қаралған жобалар аясында өңір экономикасына 3,3 млрд теңге инвестиция тарту көзделген. Сондай-ақ, жобалар аясында 101 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
"Инвестициялық кеңес – бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы іскерлік алаңға айналды. Кеңес отырысында қаралған инвестициялық жобалардың өзекті мәселелерінің нақты шешілуі – біздің бірлескен жұмысымыздың нәтижесі ", - деді аймақ басшысы.

11 желтоқсан 2019 ж. 724 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам