КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ
Ағымдағы жылдың 27 желтоқсанында Ішкі істер органдарының қызметкерлерінің тәртібін қарау жөніндегі консультативті кеңестің кезекті отырысы өтті.
Кеңес отырысына Консультативтік кеңестің төрағасы облыстық мәслихаттың депутаты Н.Ерманов, Қызылорда ОІІД бастығының орынбасары полиция подполковнигі Қ.Қобландин, консультативті кеңестің мүшелері мен департаменттің барлық қызмет салаларының бастықтары қатысты.
Кансультативті кеңесті мәслихат депутаты, кеңестің төрағасы Н.Ерманов ашып, кеңестің бағдарламасымен қатысушыларды таныстырып өтті.
Кеңес отырысында Ішкі істер органдарының қызметкерлерінің тәртібі жайлы сөз қозғалып алдағы уақытта әлі де болса қызметкерлерге тәртіп жөнінде күнделікті дәріс өткізіліп отыруы керек екенін хабарлады. Айта кететін жайт жыл көлемінде ішкі істер органдарының қызметкерлерінің тәртібін қарау жөнінде 5 рет консультативті кеңес отырысы өткізіліп, құқық бұзған қызметкерлердің істері мен тәртібі талқыланды.
Консультативті кеңес айтылған мәселелердің жерде қалмай, кеңесте қаралған мәселелер төңірегінде тиімді жұмыстар атқарылуы керектігі жайлы тұжырым жасалынып, қорытындыланды.