Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жаңа жыл Тышқан жылы туғандар үшін сәтті болмақ

Жаңа жыл Тышқан жылы туғандар үшін сәтті болмақ

   ТЫШҚАН
Жаңа жыл Тышқан жылы туғандар үшін сәтті болмақ. Ең бастысы ойлаған мақсатыңыздан бас тартпаңыз. Табандылық танытып, әрбір іске сабырлылықпен қараңыз. Ойыңызды жүйелеп, жақсылыққа нық сеніммен қарасаңыз, Ит жылы жағымды жаңалықтарымен қуантпақ. Ойдың тартылыс заңы туралы естен шығармаңыз. Жағымсыз ойдан аулақ болыңыз. Әрбір қиындықтың астарынан жақсылық көруге тырысыңыз. Себебі жолыққан ауыртпалықтың барлығын жеңуге сіздің күш-қайратыңыз жетеді.
Денсаулық
Денсаулығыңыз береді. Сондықтан алдын-алу үшін дәрумендер қабылдап, күтініп жүрген абзал. Әсіресе көп қозғалуға, күнге жиі шығуға тырысыңыз. Себебі жаңа жылда бойыңыздағы D дәруменінің деңгейі төмендейді. Сондықтан бойыңызды күйзеліс билеуі мүмкін. Тамақтануыңызға да мән беріңіз.
Қаржы
Биыл сіз үшін маңызды ұстанымның бірі – үнемділік болмақ. Сондай-ақ, келешегіне сенімсіз қараған кәсіпке ақша салмаңыз. Қаражат мәселесінде сізге ішкі интуиция көмектеседі. Ойда жүрген жаңа идеяларды осы жылда жүзеге асыруға асығыңыз. Дегенмен мақсатыңыз толығымен жүзеге аспайынша, ешкімге тіс жармаңыз. Жеті қазынаның бірі – Ит жылында қазынаңыз қаражатқа толып, табысқа кенелу де, тақырға отыру да өз қолыңызда.
Мансап
Жұмыста төзімділік танытуға тура келеді. Себебі асығыс шешімнің соңы келеңсіздікке апарады. Дегенмен жылдың басы қиын болғанмен, соңы тәтті болады. Кәсіби шеберлігіңізбен ұйымдастырушылық қасиетіңіз жоғары бағаланатын болады. Ең бастысы, тынбай еңбектену керек. Сондай-ақ ұжым мүшелерімен түсініспеушілік орын алады. Жүрегіңізге жақын қабылдамай, аса мән бермеуге тырысыңыз. Басқа адамдарға жомарттықпен көмектескен сәттілік сізді байқамай келген. Биыл кәсіби мүмкіндікті жақсартуға қауқарыңыз әбден жетеді. Көптеген жағдайда өз күшіңіз бен қабілетіңізге сенім артуға тура келеді.
Отбасы
Бұл жыл шаңырақ көтеруге шешім қабылдаған тышқандар үшін сәтті жыл болады. Ал жақында ғашығынан айырылысқандар үшін Ит жылы жаңа мүмкіндік береді. Ұнататын адамыңызға қамқор болып, қуанышқа бөленесіз. Осы жылы туысыңыздың ішінен бір адам танымалдылыққа ие болып, ерекшеленеді. Бұл оқиға сізді қуантады, алайда өзіңіздің жеке жетістігіңіз туралы да толғанып, қобалжитын боласыз.


12 желтоқсан 2019 ж. 2 560 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам