Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордалық кәсіпкер ауыл қариясына үй салып берді

Қызылордалық кәсіпкер ауыл қариясына үй салып берді

   Қызылорда облысында жергілікті кәсіпкер Қыраш ауылының тұрғыны Өтешбек Омарұлына жаңа үй салып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлібек Нәлібаев Жаңақорған ауданында кәсіпкерлік қызметпен айналысады. Аудандық мәслихаттың депутаты меценаттығымен жергілікті тұрғындарға жақсы танымал. «Өтешбек ағамызды жастайымнан білемін. Ұзақ жылдар бойы мал шаруашылығында еңбек етті. Отбасын кеш құрған ағамыздың қазір балалары да есейіп қалды. Әлі күнге дейін баспана мәселесін толық шеше алмай жүрген болатын. Ол кісіге баспана салып беруді өзімнің азаматтық міндетім санадым», - дейді кәсіпкер. Жаңа үйдің кілтін тапсыру салтанатына ауыл тұрғындары қатысты. Ел алдында Жаңақорған ауданының бас имамы Сейдулла Омаров, Жаңарық, Қосүйеңкі ауылдарының азаматтары және ардагер-журналист Алмас Бекжігітов лебіздерін білдірді.
16 желтоқсан 2019 ж. 631 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 593 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам