Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тасбөгеттегі жаңа сауда орны

Тасбөгеттегі жаңа сауда орны

   Қалаға қарасты  Тасбөгет кентінде ел Тәуелсіздігі күні қарсаңында «Karamel» сауда кешені ел игілігіне айналды. Жаңа кешенінің ашылу салтанатына қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты.
Сауда, ойын-сауық орталығы мереке қарсаңында кент тұрғындарына толайым тарту болды. Екі қабатты кешеннің төменгі қабатында көтерме сауда орны, үстінде балаларға арналған ойын алаңы мен кафе орналасқан. Жиында қала басшысы жұртшылықты Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жаңа нысанның ел игілігіне қызмет жасауына тілектестігін білдірді.
– Ел Тәуелсіздігі мерекесіне орай облыс орталығында тағы бір жаңа кәсіпкерлік нысанның ашылуы көңіл қуантарлық жағдай. Бұл тұрғындарға сапалы қызмет көрсету мен жұмыспен қамтудың нақты көрінісі. Жұртшылыққа сапалы демалыс орнын ұсынған азаматтарға алғыс білдіремін. Кәсіптеріңізге береке тілеймін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, тірлігіміз түзу, бірлігіміз бекем болсын!, – деді қала басшысы.
Облыс орталығында кәсіпкерлік бағытты дамытуда мемлекет қолдауы тиімді пайдаланылып келеді. Соның арқасында өткен жылдан бері қалада мемлекеттік бағдарламалар аясында 696 жоба бойынша 800-ден астам жаңа жұмыс орны іске қосылды. Ал кәсіпкерлердің өз қаражатымен 91 нысан ел игілігіне айналып, 500-ге тарта жұмыс орны құрылған. Ал аталмыш сауда кешені қазіргі уақытта 35 адамды еңбекпен қамтып отыр.
Ақмешіт-ақпарат
19 желтоқсан 2019 ж. 945 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам