Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Шебер әйел» орталығы түлектеріне сертификат табысталды

«Шебер әйел» орталығы түлектеріне сертификат табысталды

   ҚМДБ-ның Қызылорда облыстық өкілдігі жанынан Қазақстандағы БАӘ елшілігі мен UMMET қоғамдық қорының демеушілігімен 20 тігін машинасымен жабдықталған «Шебер әйел» қолөнер орталығы ашылған болатын. «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде осы орталықтың алғашқы түлектеріне сертификат табысталды.
Шараға ҚМДБ-ның Қызылорда облысы өкілдігінің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы, облыстық өкілдіктің Әйелдер-қыздар секторының жетекшісі Ләззат Сыдықова және «Шебер әйел» қолөнер орталығының ұстазы Жазира Кадирова қатысты. Жиында шәкірттер 3 айлық курс барысында өз қолымен тіккен киім үлгісін көрсетті.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Әйелдің базалық киімдерін тігу технологиясы» бойынша өткен 3 айлық тігін курсына әлеуметтік жағдайы аз қамтылған және жұмыссыз қыз-келіншектер тегін қатысып, «Сафия» тігін шеберханасының директоры, модельер-конструктор Жазира Ермекқызынан тігін өнерінің қыр-сырын меңгерді.
«Үш ай ішінде курс қатысушылары базалық киімдерді, атап айтар болсақ, белдемше, көйлек секілді киім үлгілерін тігуді үйреніп шықты. Әйелдердің бұрын тігін машинасын пайдаланып көрмегенін ескерер болсақ, бұл аз уақыт ішінде көрсетілген жақсы нәтиже» деді Жазира Ермекқызы.
Бас имам Болатбек Ұласқанұлы шәкірттерді құттықтай келе, игі бастама әлі де жалғасын таба беретінін жеткізіп, орталықтың алғашқы бітірушілеріне сертификат табыстады.
24 желтоқсан 2019 ж. 760 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 440 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам