Қызылордада деструктивті діни ағым ұстанушысы сотталды
2019 жылдың қараша айында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде деструктивті діни ағымды ұстанушы әлеуметтік желілерде діни алауыздықты қоздыруға бағытталған уағыздар таратумен айналысқаны анықталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігімен (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, оның кінәсі толығымен дәлелденді.
Байқоңыр қалалық сотының үкімімен оған 3 жыл 5 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі