Ірі мөлшерде ұрлық жасаған әйелді қолға түсірді

Тәртіп сақшыларымен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ретінде қаланың 30 жасар тұрғыны құрықталып, кінәсін мойындады.
Күдіктінің іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен (аса iрi мөлшерде жасалған ұрлық) сараланып, қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабының сәйкес айыптау актісімен сотқа жолданды.
2019 жылдың 10 сәуіріндегі Қызылорда қаласы сотының үкімі негізінде айыпталушыға 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот жәбірленушіге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі