Қалада пәтер тонағандарға сот үкімі шықты
Ағымдағы жылдың 7 маусымында сот үкімімен Қызылорда қаласының екі тұрғыны 3 және 1 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға биылғы жылдың қаңтар айында орын алған. Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жәбірленуші пәтер ұрлығы жөнінде шағымданады. Яғни сол күні белгісіз біреулер сағат 09:40-00:00 уақыт аралығында жатын бөлмесінің терезесі арқылы үйге кіріп, қара түсті "LG" үлгісіндегі теледидарын, зергерлік бұйымдарды, қысқы аяқ киімдер мен 2 дана құндыз тонын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын 2.760 000 теңге.
Орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.
Тергеу барысында күдікті ретінде екі қала тұрғындарының бұл қылмыстан бөлек жасаған 8 эпизод қылмыстары әшкереленіп, олар барлық жасаған қылмыстарын толық мойындады. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі 7. 785 000 теңгені құрайды.
Сот процесінде күдіктілер өздері жасаған қылмыстық іс әрекеттерін мойындап, келтірілген шығынды жәбірленушілерге толығымен өндірді.