Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Көп балалы аналар баспаналы болды

Көп балалы аналар баспаналы болды

  Жаңа  жыл қарсаңында «Нұрлы-Жер» бағдарламасы аясында Қызылорда қаласының Сырдария өзенінің сол жағалауындағы бөлігінде бой көтерген арендалық тұрғын үйлер ел игілігіне берілді. Баспанаға қол жеткізгендердің басым бөлігі – көп балалы аналар мен әлеуметтік осал топтағы азаматтар.
Салтанатты шарада облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов көпбалалы аналарға пәтер кілтін табыстап, оларды қоныс тойымен құттықтады.
 – Аймақта құрылыс саласындағы жұмыстардың ең ауқымдысы Қызылорда қаласының Сырдария өзенінің сол жағалауында жүргізіліп келеді. Мұнда 820 пәтерлік көпқабатты 16 арендалық тұрғын үй мен 830 пәтерлік көпқабатты 17 кредиттік тұрғын үй бой көтерді. Қаржыландырудың барлық көздері есебінен есепті мерзімде жалпы ауданы 381 мың 308 шаршыметр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңа жыл қарсаңында жаңа пәтердің кілтін алған жерлестерімізге жаңа қоныстары жайлы болсын, – деп тілейміз, – деді облыс әкімі. 
Мереке қарсаңында тамаша тартуға ие болған көп балалы аналардың қуанышы шексіз. Олар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмекке ризашылығын жеткізіп, облыс басшылығына алғыс білдірді.
Қала тұрғыны Сәуле Қошқарова 2006 жылы тұрғын үй кезегіне тұрған, 13 жылдан бері баспана мұқтаждығын көрген ол жаңа жылды жаңа үйді қарсы алмақ.
 – Пәтер кілтін алып, ерекше әсерде тұрмын. Осындай игі істің басында жүрген ел ағаларына, құрылысшыларға, демеуші мекемелерге алғыс білдіремін, – деді 9 баланың анасы Сәуле Қошқарова.
          Соңғы жылдары Сыр өңірі қарқынды құрылыс алаңына айналды. Мәселен, облыс орталығында соңғы 6 жылда 15 жаңа шағын аудан бой көтеріп, 7 мыңнан астам қызылордалық жаңа үйге қоныстанған. Ал, жыл басынан бері мыңға жуық пәтердің кілті табысталды.
 
Айтолқын АЙТЖАНОВА
31 желтоқсан 2019 ж. 963 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 083 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам