Қызылордада жаңа жылдың алғашқы күнінде 38 нәресте дүниеге келді
Қызылордадағы облыстық перинаталдық орталықта жаңа жылдың алғашқы күнінде 38 нәресте жарық дүние есігін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сәбилердің басым бөлігі - ер балалар. Тышқан жылының бірінші тәулігінде 26 ер бала өмірге келген. Айта кетерлігі, облыстық перинаталдық орталықта жылма-жыл 10-11 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Ол облыс бойынша көрсеткіштің 60 пайызға жуығын құрайды. «Жақында облыстық перинаталдық орталықтың 80 жылдық мерейтойын атап өттік. Орталықтың материалдық-техникалық жағдайы жақсара түсті. Соңғы жылдары заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталды. Дәрігерлер шетелдерде оқуға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Нәтижесінде нәрестелердің шетінеуі төмендеді», - деді Қызылорда облыстық перинаталдық орталығының дәрігері Ералы Бақтыбаев.