Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мәртебең өсті, мұғалім!

Мәртебең өсті, мұғалім!

    Тышқан жылы мұғалімдер үшін ерекше. Көптен күткен «Педагог мәртебесі» туралы заңның өткен жыл аяғында қабылдануы айтарлықтай жаңалық болды.
 Міне, мұғалімді қорғайтын, қолдайтын заң бар. Мұғалімнің құқын қорғайтын заң мәртебелі мамандықтың мерейін тасыта түспек. Ал, қасиетті мамандықтың қадірін түсірмеу мұғалімнің білім-білігіне байланысты.

Ұстаздарды қанаттандырды
Ұзақ жылдан бері ұстаздар қауымы асыға күткен «Педагог мәртебесі» туралы арнайы заңға Президенттің қол қойғаны баршамызды қуантып отыр. Әсіресе, білім беру саласының қызметкерлері үшін бұл айрықша жаңалық деуге болады.
Білім беру саласының алға басып, табысқа жетуі, оқушылардың білім додаларында топ жарып, аймақ абыройын асқақ ету ұстаздарға байланысты. Бұл ұстаздың кәсіби білімі мен тәжірибесі, шығармашылығы арқылы дамиды. Жаңа заң мұғалім мәртебесін арттыруға бағытталып отыр. Яғни әрбір педагогтің кәсіби құзыретіндегі жұмыстар, шығармашылықпен айналысуы, ғылымға көңіл бөлуі осы заңда көзделеді.
2020 жыл ұстаздарды қанаттандыратын жыл болмақ. Игі жаңалықты қабылдай білген Сыр ұстаздары әрдайым абырой биігінен көрініп, жетістіктерге жетеді деп сенеміз.
Меруерт Әбдіхалықова,
 қалалық білім бөлімінің басшысы

Қамқорлықпен бірге үлкен жауапкершілік
   2020 жыл ұстаздар қауымы үшін серпінді жыл болғалы тұр. Себебі, біз жаңа жылды мұғалім мәртебесін айқындаған төл заңымызбен қарсы алдық. Бұл заңда мұғалімнің қоғамда мәртебесін анықтауға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға, кәсіби деңгейін көтеруге назар аударылған. Бұл заңды елімізде мұғалімдерге жасалған қамқорлықпен бірге үлкен жауапкершілік деп қабылдадық.
Ләйлә Қожаниязова,
№23 мектеп-лицей директоры, қалалық мәслихат депутаты

Мұғалімдер белсенділік танытты
«Педагог мәртебесі» туралы заң жобасын талқылауға еліміздің білім саласы кәсіподағы ұйымы белсене қатысты. Бір айта кетерлігі, мұғалімдер тарапынан 40 мыңнан астам ұсыныстар түскен. Бір қуантарлығы, айтылған ұсыныстар қабылданған заңда көрініс тапты. Заң жобасын талқылауға сыр елі ұстаздары да сергектік танытып, белсенді қатысты. Ең бастысы, білім саласы қызметкерлерінің ұсынысын мүмкіндігінше толық қамтыған заң болды.
Нұргүл Утегенова,
облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының заңгері
08 қаңтар 2020 ж. 1 420 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам