Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрбір азаматтың міндеті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші Республикалық медиа-орталығының төрағасы Т. Байғұлов және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Б. Ниязов Қызылорда облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті ұжымымен кездесті
Кездесудің басты мақсаты- қызметті жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерге, әдеп нормаларын бұзушылықтарға жол бермеу. Электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алу мен ұсынудың маңыздылығын түсіндіру.
Кездесу барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапалылығы, заңнамалардыңның сақталуы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралардың маңыздылығы сөз болды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші Республикалық медиа-орталығының» төрағасы Т. Байғұлов өз сөзінде азаматтар мен бизнестің мемлекеттік құрылымдармен кез-келген әрекеттесуі көбіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер кезінде болатындығын, сол себепті әкімшілік кедергілерсіз мемлекеттік қызмет көрсету бұл әрбір қызмет көрсетушінің міндеті болып табылатындығын атап өтті.
Сонымен қатар шағын және микро бизнес субъектілерін тексеруге мораторий қолданылған кезеңде мемлекеттік қызметшілер, әсіресе бақылаушы органдардар қызметкерлері тарапынан этикалық нормалар мен мемлекеттік қызмет заңнамасын елеусіз бұзушылықтар кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіретін өркескел бұзушылық ретінде бағалануы мүмкін екендігін де еске салды.
Сондықтан кәсіпкерлердің құқықтарын сақтау және азаматтармен қызметтік міндеттерді орындау барысында сыпайы және әдепті болуға, мемлекеттік органның имиджін жақсартуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін үнемі жетілдіріп отыру қажеттігін жеткізді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Б. Ниязов өз кезегінде, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында денсаулық сақтау саласындағы бірқатар мекемелер қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілгенін, олардың нәтижелері бойынша тиісті ұсынымдар берілгендігін айтты. Сонымен қатар халықтың мемлекеттік органға деген сенімін жоғарылату мақсатында олардың өтініштеріне уақытылы, ашық жауап берудің маңыздылығына тоқталды.
Кездесу барысында департамент басшысы Г. Байменова Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтауына ерекше көңіл бөлінетіндігін айрықша атап өтті. Департаментпен халыққа мемлекеттік қызмет көрсету үшін жасалған шаралар барысын баяндады. Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандус пен арнайы қоңырау көзделген. Сондай-ақ, электронды түрде мемлекеттік қызметтерді алуға ыңғайлы болу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда департамент мамандары туындаған барлық мәселелер бойынша кеңес береді. Азаматтардың өтініштері "бір терезе" қағидаты бойынша қабылданады. Әдеп жөніндегі уәкіл жүргізетін мамандардың анонимді сауалнамасына арналған жәшік орнатылған. Әр маман әріптестеріне, жетекшісіне, ұжымдағы моральдық-климаттық ахуалға қатысты оң немесе теріс пікір қалдыра алады. Сонымен қатар халық тарапынан түсетін арыз-шағымдарға уақытылы әрекет ету мақсатында әлеуметтік желілер арқылы қоғаммен байланыс та бір жүйеге келтірілген.
Кездесу соңында Депртамент қызметкерлері тарапынан сұрақтар қойылып, заңнамаларға сәйкес жауаптар берілді.