Демалыс күндері ауа райы қандай болады

"Атланттан ауа массаларының ығысуына байланысты алдағы демалыс күндері Қазақстандағы жылы аномальді ауа райы сақталады. Ауа температурасы солтүстік жартысында климаттық нормадан 5…10°С-қа жоғары, оңтүстікте - нормаға жуық және одан 2...4°С-қа жоғары күтіледі. Республика арқылы өтетін атмосфералық фронттар солтүстік және шығыс облыстарында бұрқасынмен қар, оңтүстік облыстарында жылбысқы қар тудыратын болады. Күндізгі ауа температурасы 0, минус 8°С, оңтүстікте плюс 3…минус 5°С шамасында болғандықтан, Қазақстан аймағының басым бөлігінде көктайғақ және көру қашықтығы 500 м-ден төмен тұман сақталады", - деп мәлімдейді ауа райын болжайшылар.
Бұған қоса 18 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледігін жеткізді. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с дейін жетеді.
"Петропавл қаласында түнде 18 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %", - дейді синоптиктер