Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚАРАҚҰЙРЫҚ АТЫП АЛҒАН АҢШЫЛАРДЫ ҚҰРЫҚТАДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚАРАҚҰЙРЫҚ АТЫП АЛҒАН АҢШЫЛАРДЫ ҚҰРЫҚТАДЫ

 Шиелі АІІБ-нің жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полиция қызметкерлері мен «Охотзоопром» ӨБ РМҚК мамандарының бірлесіп жүргізген рейдтік шолу жұмыстары барысында заңсыз аң аулағандар құрықталды.
Сәуір айында Шиелі ауданы,  Еңбекші ауылына қарасты Қосүйеңкі ауылынан 10 шақырымдай жерде «УАЗ» маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында көліктің ішінен 1 бас қарақұйрық аңымен қоса екі дана аңшы қарулары айғақ зат ретінде алынды.  Оқиға орнында күдікті 3 аудан  тұрғыны ұсталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен  сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, іс 28 маусымда аудандық сотқа жолданды.          
13 шілде 2018 жылғы аудандық соттың үкімімен заңсыз аң аулаған азаматтардың аңшы мылтықтары мен автокөлігі тәркіленіп, 3 жылға аңшылық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, әрқайсысына пробациялық бақылау орнату арқылы 2 жыл 6 ай  мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.


 Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
04 тамыз 2018 ж. 1 895 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 597 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам