Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ЗАҢДЫ БҰРМАЛАҒАН ПОЛИЦЕЙ СОТТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ЗАҢДЫ БҰРМАЛАҒАН ПОЛИЦЕЙ СОТТАЛДЫ

    Қызылорда қаласында заңды бұрмалап, полицей сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстық прокуратура әкімшілік істер бойынша қабылданған шешімдерді зерделеу барысында полиция қызметкерінің әкімшілік өндіріс материалдарын бұрмалау дерегін анықтады. Атап айтсақ, жергілікті полицей қызметтік автокөлікпен кезекшілікте жүріп, Қызылорда қаласындағы дүкен тұсында тоқтап тұрған «Hyundai Aсcent» маркалы автокөлігінің ішінде жүргізушісінің сыра ішіп отырғанын байқаған. Ол жүргізушіні медициналық куәландырудан өткізу үшін облыстық наркология орталығына алып барған. Онда көлік жүргізушісіне жеңіл дәрежедегі масаңдығы туралы қорытынды жасалған. Полиция қызметкері әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша дәлелдемелерді бұрмалау мақсатында жүргізушіге көп қабатты үйлердің арасына автокөлікті өзі басқарып кіргізуін талап еткен. Айтылған талапты орындау барысында ол көлік жүргізушісін тоқтатып, оған автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтырған. Облыстық прокуратура мамандары сот қаулысын зерделеу барысында жол полициясф қызметкеріне қатысты материалдар Қылмыстық кодексінің 416-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментіне жолданды. Қызылорда қаласының №2 сотының үкімімен полиция қызметкері әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша дәлелдемелерді бұрмалағаны үшін Қылмыстық кодекстің 416-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Үкім заңды күшіне енді. Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен жүргізушінің әрекетінде құқық бұзушылықтың құрамының болмауына байланысты әкімшілік іс қысқартылған.  

08 қазан 2018 ж. 1 643 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам