Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада үш жаңа кітап оқырманға жол тартты

Қызылордада үш жаңа кітап оқырманға жол тартты

   Кітапқұмар қауым үшін жағымды жаңалық! Кеше Сыр елінде үш кітаптың тұсаукесері өтті. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында жыл бойы жүргізілген жүйелі жұмыстар өз жемісін берді. «Сыр бойының сакралды ескерткіштері: мифтер, аңыздар, хикаяттар», «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясы және атақты шайыр Тұрмағамбет Ізтілеуовтің жаңадан табылған қолжазбасы негізінде «Алаштың асыл мұрасы» атты шығармалар жинағы жарыққа шықты.
Жаңа туындылардың тұсаукесер рәсімі Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми әмбебеп кітапханада өтті. облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен «Рухани жаңғыру» орталығы ұйымдастырған шарада облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов сөз сөйлеп, жарық көрген тарихи һәм ғылыми-танымдық туындылар ойлы оқырман үшін бағалы қазына екенін жеткізді.
Айталық, «Сыр бойының сакралды ескерткіштері: мифтер, аңыздар, хикаяттар» атты жинақ облыста алғаш рет жарыққа шығып отыр. хрестоматияда Сыр өңірі қасиет тұтып, киелі деп қадірлейтін 200-ге жуық нысанның аңыз-әпсаналары топтастырылған. Атақты әулиелер мен ахундар, ишандар, ел мен жерді жаудан қорғаған даңқты батырлар, ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен от ауызды, орақ тілді би-шешендер мен жер-су атау-лары, көне қалалар, тарихи орындар жайлы мифологиялық әңгімелер мен аңыз-әпсаналар, хикаялар ел аузындағы фольклор мұрасы – халық жадының жарқын көрінісі. Жинақтың жарық көруіне «Сыр медиа» ЖШС қаламгерлері танымдық деректер жинап, аталған кітаптың жарыққа шығуына үлкен шығармашылық үлес қосты.
Қызылорда облысы бойынша дайындалған «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының аясында жарық көрген «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясына «Киелі Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының тұжыры-мына сәйкес, арнайы тізімге алынған қасиетті орындар, тарихи мекендер, археологиялық ескерткіштер мен көне және ортағасырлық қалалар, киелі нысандар, көр¬некті тарихи тұлғалар және саяси маңызды оқиғаларға байланысты танымдық дүниелер топтастырылған.
«Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясының ІІІ томына Сыр өңіріндегі сақ, оғыз, қаңлы тайпалары және қыпшақ мемлекетінің стратегиялық маңызды қалалары мен сәулет өнерінің ескерткіштері, өлкеміздің әлеуметтік-саяси өмірінде маңызды орын алатын киелі нысандары мен кешендері, барлығы 84 нысан енген. Олардың 12-сі жалпыұлттық, 72-сі өңірлік қасиетті нысандар. Аталған тізім толықтырылып отырады. Айталық, өткен жылы Қорқыт ата мұраларының ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілгені де аймақ руханиятындағы айтулы оқиға болды.
«Алаштың асыл мұрасы» кітабына Сыр топырағының перзенті, ХХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясында үлкен орны бар Тұрмағамбет Ізтілеуовтің бұрын жарық көрмеген тың дүниелері жинақталған. Бұл кітаптың филология ғылымдарының кандидаты, түркітанушы ғалым Серікбай Қосанның авторлығымен жарыққа шығуы да – «Рухани жаңғыру» жобасының игілігі. Кешегі кеңес өкіметі тұсында қуғынға ұшырап, шығармашылығы қатаң бақылауға алынып, қолжазбалары көп жылдар бойы көміліп жатқан Тұрмағамбет ақынның ғасырлар тоғысында халқымен қайта қауышқан дүниелері ерекше маңызға ие.
Кітапта сондай-ақ, Тұрмағамбет ақынның ел арасынан жинаған әдебиет үлгілері, көне араб әліпбиінде хатқа түсірген шығармалары және Алаш қаламгерлерінің ХХ ғасыр басында Ташкентте жарық көрген қазынасы топтастырылды.
– Біз тұсауын кескелі тұрған кітаптар – Сыр елі әдебиеті мен мәдениетіне, руханиятына сүбелі үлес қосатын айрықша мазмұнды дүниелер деп санаймыз. Жас ұрпаққа туған жердің тарихы мен тұғыры биік тұлғалары жайлы мол мағлұмат беретін кітаптардың жарық көруі – аймақтың мәдени өміріндегі айтулы жаңалық. Ғалымдар мен тарихшылар бай мұраны жинақтап, жүйелеу мақсатында үлкен жұмыс атқарды. Болашақта бұл жұмыстардың жалғасын табатынына сенемін, – деді Н.Байқадамов.
Шарада философ-ғалым Баймырза Қожам¬берлиев, филология ғылымдарының кандидаты, түркітанушы Серікбай Қосан, эколог-жазушы Сайлаубай Жұбатырұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуовтің немересі Шалқыма Әбдірауықова сөз алып, тілектестігін білдірді.


23 қаңтар 2020 ж. 1 069 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам