Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӘЛЕМДІ БАҒЫНДЫРАТЫН АСЫЛ ДҮНИЕ

ӘЛЕМДІ БАҒЫНДЫРАТЫН АСЫЛ ДҮНИЕ

    Қызылордада екінші рет «KitapFest – 2018» фестивалі өткізілді. Екі жыл қатарынан фестиваль Қызылорда қаласының тұрғындары мен қала қонақтарының арасында зор сұранысқа ие болды. Тұрғындар оқылған кітаптарын басқа да қызықты кітаптарға ауыстырып алуға мүмкіндік алды. Биылғы жылы да дәстүр бойынша кітап фестивалі Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада өтті. Шара ұйымдастырушылары «Рухани жаңғыру» орталығы мен облыстық кітапхана ұжымы.
 –Фестивалінің өткізілуі тағы бір рет Қызылорда жұртына қарапайым кітаптар қажет екенін көрсетті. Бүгінгі шарада әртүрлі жастағы адамдардың зор ықыласпен келгенін байқадым. Бұл жоба жыл сайын кеңге қанат жайып келеді, – дейді кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ләззат Байтенова.
Фестиваль бағдарламасында кітаптар жәрмеңкесін, оқырмандарға қызықты танымдық семинарлар, түрлі баспа өнімдерінің көрмесі мен танымал кітап авторларымен жүздесу бар. Оқырмандар алдында Рахат Наурызбаева, Ділдахан Торғаева, Ғазиза Әбілдаева, Қазына Өзденбаева өз шығармашылықтарымен бөлісті.
Кітап фестивалі кітапхана алаңында «Бәрі кітаптан басталады» атты флешмобпен басталды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Гүлбарам Сәдуақасқызы, акын Рахат Наурызбаева кiтап фестивалiнiң ашылуында сөз сөйлеп, кітапханаға өз кітаптарын табыс етті.
Сондай-ақ, «Кітап әлемді бағындырады» атты алаңда Қызылорда қаласындағы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары Сымбат Әбдірахманова және Қазақстанның танымал ғалым-селекционер, ауылшаруашылық ғылымдардың докторы, қазақ күріш өсіру ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Александр Николаевич Подольскихпен кездесу ұйымдастырылды.
                                                                                         Биболат Сәтжан
12 мамыр 2018 ж. 1 569 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 083 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам