Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСШЫ ТОПТЫҢ ОТЫРЫСЫ

ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСШЫ ТОПТЫҢ ОТЫРЫСЫ

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасын жүзеге асыру жөніндегі облыстық жұмысшы топтың отырысы өтті.
Оған "Қасиетті Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы қатысып, жоба аясында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар барысын баяндады.
Жиында Қызылорда облысы бойынша музейлер, архивтер және тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесімен бірге ынтымақтастықта жұмыс жасап, Сыр өңірі бойынша анықталған жалпыұлттық және өңірлік қасиетті нысандарды ғылыми тұрғыда терең зерттеуді жалғастыру мәселесі кеңінен талқыланды.
"Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасын жүзеге асыру жөніндегі Қызылорда облыстық жұмысшы топ мүшелері аталған тақырып аясында өз ойларын ортаға салып, Сыр өңірі бойынша анықталған қасиетті нысандарға қосымша енгізуді ұсынды.
Ақын Ш.Әбдікәрімов, Қорқыт ата атындағы ҚМУ профессоры Б.Кәрібозов, облыстық "Рухани жаңғыру" орталығының бөлім басшысы С.Қосанов, облыстық музейдің ғылыми хатшысы А.Сайлау және тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесінің директоры С.Көзейбаев қасиетті нысандарды анықтау барысында кездескен қиындықтармен және жұмысшы тобының жеткен жетістігімен бөлісті.
Өңіріміздегі тарихи-мәдени ескерткіштердің тарихи маңызы айрықша айтылып, зерттеуді қажет етіп тізімге енбей қалған нысандарды кітапқа кіргізу үшін атқарылатын жұмыстарды зерделеді.
Отырыс барысында облыстық музейдің "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасы бойынша ұйымдастырған "Сыр өңірінің қасиетті орындары" атты телеэкспедициясының І және ІІ кезеңі бойынша баяндама жасалды.
14 қыркүйек 2018 ж. 1 363 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам