Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада такси жүргізушісін өлтірген екі адам сотталды

Қызылордада такси жүргізушісін өлтірген екі адам сотталды

    Қызылордада такси жүргізушісін пышақтап өлтірген екі тұрғын 16 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл оқиға былтыр жазда болған. Қызылорда қаласында тұратын екі ер адам алдымен сыра ішкен. Содан кейін «Мерей» шағын ауданына барып көңіл көтеруді жалғастырмақ болады. Ол жақтан үйіне қайтар уақытында такси ұстайды. Олар такси жүргізушісіне өздерін қаланың шеткі аймағындағы Құлтекенов көшесіне апаруын сұрайды. Келіскен жерге жеткеннен кейін екеуі жолақыны төлеместен көліктен түсіп кетуге әрекет жасайды. Сол сәтте такси жүргізушісі жолақы төлеуді талап еткен. Бұдан кейін жанжал басталады. Бірі такси жүргізушісін ұрып-соғып жатқан сәтте екіншісі жүргізушісінің кеуде тұсынан бірнеше мәрте пышақтайды. «Пышақтың жүзі жәбірленушінің кеуде қуысына еніп, денсаулығына ауыр зиян келтірген. Соның салдарынан такси жүргізушісі қайтыс болған», - деді Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Асхат Сабыров. Екі сотталушы да ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 7-тармағымен, 188-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен, 200-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Сотталушылар 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Еске сала кетсек, бұдан бұрын Қызылордада бұрынғы күйеуін өлтіруге адам жалдаған әйел сотталған болатын.

24 қаңтар 2020 ж. 585 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 593 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам