Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Президент Абайдың мерейтойы туралы: Ысырапшылдық керек емес

Президент Абайдың мерейтойы туралы: Ысырапшылдық керек емес

   Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың 175 жылдығына арналған шаралар қандай бағытта өтуі керектігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қажеті болса бөлінген қаржыны қысқарту керек. Ысырапшылдыққа жол бермеу қажет, той деген тойлау үшін емес, бәрімізге толғау үшін керек. Сондықтан бұл шараларда ұқыптылық болу керек, яғни шектен тыс концерттерді ұйымдастырудың қажеті жоқ. Шетелдік әртістерді тарту қажет емес. Яғни, демеушілік қаржы бөлінгеннің өзінде, ысырапшылдық керек емес. Менің ойымша, осы шараларды іскерлік тұрғыда өткізуге болады. Сіз әкімдердің арасында ең тәжірибелі адамсыз. Осы орайда, Абайдың 175 жылдығын атап өту аясында ұйымдастырылатын барлық шараларды мұқият пысықтап шығыңыздар», - деді Президент Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке қарата айтқан сөзінде. Мемлекет басшысы аталған шараларға ағартушылық бастауды енгізуді тапсырды. «Бұл шаралар тәжірибелік маңызды, идеологиялық жүктемін қамтуы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
24 қаңтар 2020 ж. 1 060 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам