Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Ақылды» қала – ақылдың нәтижесі

«Ақылды» қала – ақылдың нәтижесі

    Ақыл деген ұғым әу бастан адамның еншісіндегі дүние. Өзге тіршілік иесінен артықшылығы да осында. Заман талабына сай кейінгі кезде ақылды деген теңеуді қалаларға айта бастадық. Сонымен, «ақылды» қалалар қандай болады? Оның талаптары қандай?
«Smart city» түсінігі 1950 жылы америкалық Питер Друкердің еңбегінде алғаш рет қолданылғанымен, бұл бірден жүзеге асқан жоқ. Араға біршама уақыт салып қолданыла бастады. Жалпы, «ақылды» қала жай айтыла салған теңеу емес. Бұл – тұрғындарға қолайлы өмір сүруге жағдай жасау. БҰҰ-ның болжамы бойынша 2050 жылы жер бетіндегі қала халқының үлесі 68 процентті құрайды. Демек, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы қала жасауда «ақылды қала» жобасының тиімділігі де осында.
Жалпы, «ақылды» қалаға айналудың өлшемі ауқымды. Мамандардың пікірінше, жаңа технология ғасрында қаланың жағдайы тек жайлы инфрақұрылыммен, материалдық жағдаймен анықталмайды. Ақылды шешімдер ғана қала мәртебесін биіктетпек.
 Әлемдегі «ақылды» қаланың бірі – Сингапур. «Ақылды» көше қозғалысына мән берген бұл қалада көлік кептелісі жоқ. «Ақылды» тұрақтар жұмыс істейді. Көшбасшы ақылды қалалардың қатарындағы Лондон да транспорт мәселесін ақылдылықпен шешуге көңіл бөлген. Ал «ақылды» Нью-Йорк қаласы қауіпсіздікті қамтамасыз етумен танымал. Қала тұтастай бейнекамералармен қамтылған. Көшелерде тәртіпсіздік пен келеңсіздікті бірден полицияға хабарлайтындай сенсорлар орнатылған.
Қызылорда қаласының бұл мақсаттағы жұмыс нәтижесі қалай дегенге келетін болсақ, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өңірлердің цифрландыру саласында жүргізген жұмыс нәтижесі бойынша өткен жыл рейтингісін жасады.
 Зерттеуге 14 облыс орталығы мен республикалық маңызы бар 3 қала қатысқан. Бағалау 11 түрлі бағыт пен 80 көрсеткіштен тұратын «Ақылды қалалар» эталондық стандарты негізінде жүргізілген. Олар денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік, экология, әлеуметтік және тағы басқа салаларды цифрландыру бастамалары назарға алынған.
Рейтинг жасау кезінде әкімдіктердің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруы, тұрғын үйлерге «ақылды» есептеуіш құралдарының орнатылуы, тіркелген стартаптардың саны, зияткерлік көлік жүйесінің енгізілуі, қоғамдық көліктің бағыт-бағдарына мониторинг жасау және өзге қосымшалардың қолжетімділігі ескерілген.
Рейтинг бойынша Қызылорда қаласы 4-орынды иеленген. «Ақылды қалалар» рейтингісінде көш бастаған Нұр-Сұлтан, Алматы, Орал қалаларын алға салып, төртінші орынға табан тіреген Қызылорда қаласының бұл жетістігі қаланы цифрландыру бойынша жүргізілген жұмыс нәтижесін білдіреді. Бүгінде қаламызда «Қауіпсіз қала» жобасын жүзеге асыру қолға алынды.
Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА
25 қаңтар 2020 ж. 1 198 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 427 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам