Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылорда қаласы алғашқы бестікте!

Қызылорда қаласы алғашқы бестікте!

   ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өңірлердің цифрландыру саласында жүргізген жұмыс нәтижесі бойынша өткен жыл рейтингісін жасады.
 Зерттеуге 14 облыс орталығы мен республикалық маңызы бар 3 қала қатысқан. Бағалау 11 түрлі бағыт пен 80 көрсеткіштен тұратын «Ақылды қалалар» эталондық стандарты негізінде жүргізілген. Олар денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік, экология, әлеуметтік және тағы басқа салаларды цифрландыру бастамалары назарға алынған.
Рейтинг жасау кезінде әкімдіктердің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруы, тұрғын үйлерге «ақылды» есептеуіш құралдарының орнатылуы, тіркелген стартаптардың саны, зияткерлік көлік жүйесінің енгізілуі, қоғамдық көліктің бағыт-бағдарына мониторинг жасау және өзге қосымшалардың қолжетімділігі ескерілген.
Рейтинг бойынша Қызылорда қаласы 4-орынды иеленген. «Ақылды қалалар» рейтингісінде көш бастаған Нұр-Сұлтан, Алматы, Орал қалаларын алға салып, төртінші орынға табан тіреген Қызылорда қаласының бұл жетістігі қаланы цифрландыру бойынша жүргізілген жұмыс нәтижесін білдіреді.
22 қаңтар 2020 ж. 2 236 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 205 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам