«АҚЫЛДЫ» СУ ЕСЕПТЕГІШ ҚҰРАЛДАРЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында "Қызылорда су жүйесі" МКК директоры Тілеуберген Қаныбетов мәлімдеді.
"Қызылорда өңірі "ақылды басқару" жүйесі бойынша эксперименттік облыс боп бекітілді. "Ақылды қала" тұжырымдамасының үлкен бір тармағы - тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту бағыты. Өз тарапымыздан күнделікті тіршілікте ауыз су мен кәріз жүйесінің қызметтерін басқару тиімділігін арттыру мақсатында тың жобалар ұсынудамыз. Соның бірі, сандық жүйеге көшу, "Смарт Сити" концепциясын жетілдіру мақсатында қала аумағындағы мекемелерге "ақылды су есептегіш құралдары" орнатылмақ. Осыған орай, инвесторлар тартылып жатыр. Нәтижесінде, орнатылған су есептегіш құралдарының көрсеткіштері автоматты түрде орталықтандырылған базаға келіп түседі", - деді "Қызылорда су жүйесі" МКК директоры Тілеуберген Сағынышұлы.
Сонымен қатар, биыл ауыз сумен қамтамасыз ету жобасы аясында СКАДА жүйесін енгізу, ауыз судың берілген көлемі мен қысымын өлшеу құралдарын алу жұмыстарын жүзеге асырмақпыз. Бүгінде бұл жобаға республикалық бюджеттен қаражат бөлу мәселесі қарастырылуда.