«Көршілер бақылауы» бағдарламасын тұрғындарға түсіндіруде
Қызылорда қаласы, Абай даңғылы №51 үйдің ауласында аталған аула тұрғындары және Қызылорда облысы Полиция департаменті және Қызылорда қаласы полиция басқармасы басшылығының қатысуымен қылмыс мен құқық бұзушылықтардың, оның ішінде мүлік қылмыстарының алдын алу, тосқауыл қою мақсатында «Көршілер бақылауы» бағдарламасын енгізу мәселесі бойынша жиын өткізілді.
Аталған бағдарламаның мақсаты - бір үйдің немесе бір аудандағы үйлердің тұрғындары өз аумағын қадағалау арқылы көрген бұзушылықтар мен күмәндары туралы дер кезінде полицияға хабарлауын қамтамасыз етіп, келіп түскен ақпаратқа байланысты дереу шараларды үйлестіру болып табылады.
Көршілер бақылауының жақсы қызметінің кепілі болып үй тұрғындары мен полиция арасындағы ынтымақтастық және ақпаратпен
алмасу болып табылады.
Аталған іс-шара қаламыздың Шұғыла мөлтек ауданы, Өсербаев көшесі бойындағы орналасқан тұрғын үйлердің аулаларында және басқа да аймақтарда жалғасын табатын болады.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі