ОҚУШЫЛАРЫ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ
Қызылорда облысы аумағында 2018 жылдың 19-24 ақпан аралығында өткізіліп жатқан «жасөспірім – заң – қауіпсіздік» акциясы барысында жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімшесі мектеп оқушыларына арнап экскурсия ұйымдастырды. Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің тыныс-тіршілігімен танысуға, полиция қызметінің ашықтығын, жариялылығын қамтамасыз ете отырып ішкі істер органдарының қызметін дәріптеуге бағытталған шара 21 ақпан күні өтті.
Аталмыш шараның басты мақсаты – жасөспірімдерді полиция қызметінің қыр-сырымен таныстыра отырып кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. Шараға 50-га жуық мектеп оқушылары қатысты.
Өткізіліп жатырған шара аясында полиция қызметкерлері мектеп оқушылары үшін департамент мұражайына және жедел басқару орталығына танымдық экскурсия ұйымдастырды. Департамент тарихы, мәдениет, спорт саласындағы жетістіктері, қызметтік міндеттерін өтеу барысында қайтыс болған қызметкерлердің, ішкі істер органдары ардагерлерінің өмірінен сыр шертетін экспонаттармен, фотостендтермен, құнды кітаптармен таныстырып өтті. Бұдан кейін оқушылар топталып құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтайтын бейнекамералар орналасқан жедел басқару орталығының ғимаратына барды. Қала өмірін, тыныс-тіршілігін көгілдір экраннан көрген жасөспірімдер таңданысын білдіріп, естелікке суретке түсті.
Шара соңында студенттер бүгінгі күннен мол әсер алғандарын жеткізіп, осы бағыттағы шаралар жиі ұйымдастырылса екен деген ұсыныстарын білдіріп, полиция қызметкерлеріне көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.