Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Міндет. Меже. Мүмкіндік

Міндет. Меже. Мүмкіндік

   Өткен аптаның жұмасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өткізілген болатын. Отырыс барысында елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды, сондай-ақ экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі алдағы шаралар айқындалды. Осыған орай, облыс әкімдігінің мәжіліс залында Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінен туындаған тапсырмаға сәйкес облыс активі өтті. Жиынды облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов өз баяндамасымен бастады.
Аймақ басшысы Қызылорда облысы экономикалық дамудың 7 көрсеткіші бойынша республикада 8-орынға шыққанын атап айтты. Сондай-ақ, облыста жүзеге асып жатқан және атқарылуы тиіс мәселелерді атап, орынбасарлары мен сала басшыларына нақты тапсырма берді.
 – Бұл – біздің бірлесе жасаған жұмысымыздың нәтижесі.  Дегенмен, жеткен жетістіктерге, көрсеткіштерге тоқтап қалмауымыз қажет. Өйткені, біздің алдымызда Президент жүктеген ауқымды міндеттер тұр. Сондықтан да жұмыс қарқынымызды бұдан әрі де күшейтуді талап етеді. Негізінен, аймағымызда 2019 жылы өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын сипаттайтын барлық негізгі көрсеткіштер бойынша оң нәтижелерге қол жеттіздік, – деді облыс әкімі.
Мәселен, аймақ экономикасына тартылған инвестиция көлемі 117,4, құрылыс көлемі 154,3, үй беру 108,8 процентке артып өсіп, тұрақты даму байқалған. Ал, өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 101,3, ауыл шаруашылығы 104,3 процентке өсіп отыр.
Актив отырысында облыс әкімі Қ.Ысқақов мұнай өндірудегі шығын салдарын жою мақсатында шикізаттық емес секторды дамытуға, әсіресе, экспортқа бағытталған өндірістерді дамытуға жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтып өтті.
 – 2012 жылдан бастап, қолданыстағы кен орындарының сарқылуына байланысты мұнай өндіру көлемі 2019 жылы 830 мың тоннаға қысқарған. Бұл жағдай өнеркәсіп өніміндегі көрсеткішке кері әсерін тигізуде. Алайда, статистикалық мәлімет бойынша мұнай өндірудің жыл сайынғы төмендеуіне қарамастан, 2019 жылдың 9 айында, 2018 жылдың осы кезеңіне қарағанда облыстағы жалпы өңірлік өнім – 102,4 процентті құраған. Жалпы, жүйелі шаралардың нәтижесінде, соңғы 4 жылда өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігі 2,8, жалпы қосылған құн – 15, ал, шикізаттық емес экспорт көлемі – 19 процентке артты, – деді облыс әкімі.
Сонымен қатар, мәжіліс барысында айтылған келесі бір мәселе ел экономикасына инвестициялардың жаңа толқынын тарту. Бұл тұрғыда өңіріміздегі ірі жобалардың бірі – шыны зауыт іске қосу қажеттігі жөнінде тиісті тапсырма берілді.
Мемлекет басшысы Үкімет мәжілісінде кәсіпкерлерді қорғайтын және дамытатын, өсіру қарқынына жол ашатын қазақстандық өнімдердің бәсекеге қабілеттігін арттыратын тиімді өнеркәсіп саясатын қалыптастыру керектігіне назар аударған болатын. Сыр өңірінде аталған сала бойынша ауқымды жұмыстар жүзеге асты. Биыл «Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» соңғы жылына қадам басуда. Өткен жылы 3 мыңнан аса жұмыссыздарға қайтарымсыз гранттар, 1,5 мыңға жуық азаматқа шағын несие берілді. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктер арқылы тұрақты бизнеске 26,8 млрд. теңге қаражат қаралған.
Алдағы уақытта қаражаттың басым бөлігін жаңа өндіріс көздерін ашуға бағыттау қажет.
 – Бар мүмкіндікті пайдалана отырып шағын және орта кәсіпкерлікке, жұмыспен қамтылған азаматтардың саны 95 мың адамға, өнім шығару көлемін 400 млрд. Теңгеге жеткізу керек. Осыған орай, жұмыссыздық деңгейін 4,9 процентке дейін түсіру жұмыстарын қолға алу қажет. Барлық деңгейдегі әкімдердің жұмысы бюджеттен түскен қаржыны игеру емес, жаңа жұмыс орындарын ашу, инвестиция тарту бойынша тоқсан сайын сараланып, бағаланатын болады. Президент атап айтқан тапсырмаларды тиісті деңгейде орындамағандарға сөгіс жарияланады, – деп тапсырды аймақ басшысы.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылға қарай елімізде шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы ішкі өнімділігін  ұлғайту міндеті тұр.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы ауылшаруашылығына байланысты экспорт әлеуетін арттыру және азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі әлі де толық шешілмегендігін атап өткен еді. Бұл бағытта Сыр өңірінде пәрменді шаралар қолға алынуы қажеттігі айтылды. Осы тұрғыда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын негізсіз өсірмеуді тапсырды.
            Қалыптасқан құрылыс қарқынын төмендетпеу – өңірдегі негізгі  бағыттардың бірі. Тұрғындарды баспанамен және жұмыспен қамтуда аса маңызды. Актив отырысында облыс әкімі  білім, мәдениет  және өзге салалар бойынша Үкімет мәжілісінде айтылған мәселелерге орай тиісті тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, балаларға қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру – бүгінгі күннің міндеті. Осы орайда, балабақша мен мектептерді бейнебақылаумен қамтамасыз ету – кезек күттірмейтін мәселе.
           Аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов барлық аудан мен елді мекендерді аралап, даму көрсеткіштеріне көз жеткізді. Жылдан-жылға ауылдарда тұрақты өсім бар. Қажетті шаралар қолға алынып келеді.
           – Мен облыстың барлық елді мекеніне барып, жағдайды өз көзіммен көріп жүрмін. Елді мекен тұрғындары айтқан мәселе ескерусіз қалмайды, –деп қорытындылады активті облыс әкімі.
Айтолқын АЙТЖАНОВА
28 қаңтар 2020 ж. 726 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам