Абай есімді қазақстандықтардың саны қанша?

Ал ақынның туған жері Шығыс Қазақстан өңірінде Абай атты 378 азамат тұрады.
Бүгінде ең үлкен Абай 92 жаста болса, ең кішісі небəрі 6 күн бұрын туған.
Кішкентай Абай 2020 жылғы 20 қаңтарда Сарыағаш қаласында дүниеге келді.
Соңғы 10 жыл ішінде (2009-2020 жж.) 2470 Абай өмірге келіпті. Олардың дені түркістандықтар(415), Алматыда 321 және Нұр-Сұлтанда 273 ақынның аттастары бар екен.
Қазақстанда қазіргі таңда аты-жөні Абай Құнанбайұлы болып жазылған 31 адам тұрады. Оның ішінде аты мен тегі Абай Құнанбайұлы болып жазылған үш адам бар. Олар – Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында. Ал құжатында аты мен әкесінің аты Абай Құнанбайұлы деп көрсетілген қазақстандықтар саны – 28. Ең көп Түркістан облысында – 10 адам тұрады.
Одан кейін:
Алматы облысы – 3
Шығыс Қазақстан облысы – 3
Шымкент – 3
Ақтөбе облысы – 2
Алматы – 2
Павлодар облысы – 2
Ақмола облысы – 1
Қарағанды облысы – 1
Қызылорда облысы – 1
Дереккөз: massaget.kz