МЕРЕКЕЛІК САЛТАНАТ БОЛЫП ӨТТІ
А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Уйінде 1желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған "Елімен бірге Елбасы" атты мерекелік салтанат болып өтті.
Бұл шараны Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды.
Концерттің құттықтау сөзі қала әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Мәшбекұлына беріліп, қала тұрғындарын мерекемен құттықтады. Кеште Қызылорда қаласының әншілерімен қатар мемлекеттік "Салтанат" би ансамблі және Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры мен "Жастар" театрының актерлары, "Сырлы саз" халықтық фольклорлық ансамблінің домбырашылары көрермендерге көңілді кеш сыйлады.