Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылорда әуежайында коронавирусқа қарсы оқу-жаттығу өткізілді

Қызылорда әуежайында коронавирусқа қарсы оқу-жаттығу өткізілді

   Қызылорда қаласындағы «Қорқыт ата» әуежайында коронавирусқа қарсы оқу-жаттығу шарасы өткізілді.  Аталмыш шара барысында барлық қызметтердің және құрылымдардың қауіпті дерттің алдын алуға бағытталған іс-қимыл жасау тәртібін пысықтауға мән берілді. 
Негізінде Қызылордаға Қытайдан тікелей қатынайтын әуе рейсі жоқ. Десе де сақтық шараларына назар аудару өте маңызды. Алдын-ала жасалған жоспарға сәйкес «Алматы-Қызылорда» әуе рейсінде Қытайдың Ухань қаласынан келе жатқан жолаушыда бас ауыруы, дене қызуының көтерілуі, жөтел, бұлшық еттердің ауруы секілді коронавирус белгісі бар екендігі анықталады. 
Осыған байланысты Қызылорда бөлімшелік көліктегі тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы тарапынан жедел жоспар мен жедел сызбаға сәйкес барлық тиісті емдеу-профилактикалық мекемелеріне, обаға қарсы күрес станциясына, құқық қорғау органдарына және өзге де мекемелерге ақпарат берілді.
Бұдан кейін барлығы әуе кемесінің келуіне байланысты әуежайда эпидемияға қарсы күрес шараларын жүргізуге жиналды. Аурудың таралуын анықтауға қатысқан барлық қызметтер мен бөлімшелер науқастың коронавирус анықталған жағдайдағы нақты өзара әрекеттесуі мен дайындығын көрсетті.
03 ақпан 2020 ж. 725 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам