Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылорда облысында түнгі уақытта ата-ана баласын тасжолда ұмытып кеткен

Қызылорда облысында түнгі уақытта ата-ана баласын тасжолда ұмытып кеткен

   Қызылорда облысында Самара - Шымкент тасжолында полицейлер белгісіз баланы тапты, ол түнгі уақытта жол бойында жалғыз өзі кезіп жүрген, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер Шиелі ауданындағы Сунақ ата ауылының маңында баланы байқаған. Оны дереу полиция бөлімшесіне жеткізіп, ата-анасы туралы сұрай бастаған. 
Тоғыз жастағы бала көлікте ата-анасымен бірге кетіп бара жатқанын айтты. Жол-жөнекей көлік аялдап, ата-анасы сыртқа шыққан. Бала да көлік тоқтағанын сезіп, ұйқылы-ояу сыртқа шыққан. 
Ата-анасы баласының көліктің артқы бөлігінде отыр деп, ары қарай жүріп кеткен.
Баламен сөйлескеннен кейін, полицейлер оның ата-анасын іздей бастаған. Кейінірек баланың ата-анасы табылды. Полицейлер баланы әке-шешесіне тапсырды. Олар сол кезде ғана өз салғырттығынан баласынан айырылып қалуы мүмкін екенін сезінген. 
Олар Ресей азаматтары екен және Тәжікстанға қарай бағыт алған. Олар баланың ата-анасы екені туралы барлық құжатты көрсеткен. 
05 ақпан 2020 ж. 714 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 440 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам