Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Оқ басына тиген»: Мас полицейлер 5 жасар баланы атып өлтірді

«Оқ басына тиген»: Мас полицейлер 5 жасар баланы атып өлтірді

Қайғылы жағдай 31 мамыр күні Украинада орын алған.
«Оқ басына тиген»: Мас полицейлер 5 жасар баланы атып өлтірді
3 маусымда Киевтің ауруханасында 5 жасар Кирилл көз жұмды. Ол 31 мамырда екі полицейдің қолынан жарақаттанған. Дәрігерлер оның өмірі үшін үш тәулік бойы күрескенімен, жарақаты ауыр болған. Оқ оның басына тиген, деп жазды  Strana.ua басылымы.
Қайғылы жағдай Украина халқының арасында наразылық тудырты. Ел тұрғындары дүйсенбі күні Ішкі істер министрлігінің ғимаратының алдында шеруге шықты.
Оқиғадан кейін Киев облысының Ұлттық полициясының басшысы Дмитрий Ценов отставкаға кетті.
Тергеу мәліметінше, Переяслав-Хмельницкий қаласында 4 бала көшеде серуендеп жүрген. Осы кезде оқ атылып, балалардың бірі жерге құлайды. Оның 8 жасар досы Артемның сөзінше, Кирилл құлаған кезде оның маңдайынан қан аға бастаған. Балалар оның үйіне жүгіріп барып, ағасын көмекке шақырады. Артынша ол жедел жәрдем мен полиция шақырыпты. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері балалар ойнап жүрген жердің маңынан шөлмектерді тапты. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, қыста осы жерде полицейлер шөлмектерге оқ атып, «жаттығып» жүрген.
Анықталғандай, тәртіп сақшылары ішімдікке сылқия тойып алып, шөлмектерді атпақ болған. Бүгінде күдіктілер ұсталды.
Басынан оқ жарақатын алған бала Киевтегі балалар нейрохирургия орталығына жатқызылған. Баланың әжесінің айтуынша, оқ оның миында тұрып қалған. Дәрігерлер мидың зақымдалған бөлігін алып тастау үшін ота жасап, артынша тағы бір отаны жоспарлаған. Алайда баланың жағдайы өте ауыр болып, жасанды тыныстандыру аппараты қосылыпты. Орталықтың бас дәрігері Александр Гончарук баланың миының жартышарларының бірі зақымдалған.
Өкінішке қарай, 3 маусымда 5 жасар бала ес жимастан көз жұмды.
Бастапқыда Киев облысының полициясы баланың оқ жарақатын алғанын жоққа шығарған. Олар Кириллдың құлап қалып, басымен жерге соғылғанын айтыпты. Алайда артынша бұл ақпарат облыстық полицияның сайтынан өшірілді.
Қазіргі уақытта екі күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр.
05 маусым 2019 ж. 2 388 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам