Тасбөгетте қыз баланы соққыға жыққандардың видеосы таралды
Полицейлер қызды ұрып-соғып жатқан видеоға қатысы барлардың кім екенін анықтады.
Бұл туралы Қызылорда облыстық полиция департаменті өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға 17 сәуірде Тасбөгет кентінде болған екен. Жәбірленушінің ата-анасы полицияға арызданбаған.
«Әлеуметтік желілерде тараған видеоларды бұзақылық дерегі бойынша тексеру барысында полицейлер құрдасын соққыға жыққан қыздың және оны видеоға түсіріп тұрғандардың кім екенін анықтады. Қазір ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды», – деп хабарлады полициядағылар.