Қызылорда қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы тағайындалды
Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержановтың бұйрығымен қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы боп Жасұлан Түйменов тағайындалды.
Жасұлан Қалдыбайұлы 1988 жылы Жаңақорған кентінде дүниеге келген. ТЖМ Көкшетау техникалық институтының түлегі. Әр жылдары Алматы қаласы ТЖД «Өрт Сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №7 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, Қызылорда облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының эртке қарсы нормалау бөлімінің аға инженері, аталған департаменттің өртке қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактика қызметі басқармасы техникалық нормалау бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды.
2017 жылдан бүгінгі күнге дейін Жалағаш аудандық төтенше жағдайлар бөлімін басқарды.