САЛТАНАТТЫ ШАРА БОЛЫП ӨТТІ
Бүгін, 15 желтоқсанда Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәжіліс залында ҚР Тәуелсіздігі күніне орай салтанатты іс-шара болып өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Қызылорда облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов барша ұжым қызметкерлерін және құтқарушыларды, ардагерлерді осы айтулы күнмен құттықтап, оларға ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің және департаменттің мерекелік алғыс хаттарын, төс белгілерін табыстады.
Оған қоса, Шиелі ауданы № 9 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Нұрлыбек Сәдібековке азаматтық қорғау лейтенанты алғашқы арнаулы атағы, Қазалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Еркін Жәкейге азаматтық қорғау капитаны кезекті арнаулы атағын ТЖД бастығы О.Бержанов табыстады.
Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Болат Бисеновті салтанатты жағдайда зейнет демалысына шығарып салу рәсімі болды. Облыстық ТЖД бастығы Омар Бержанов оның ұзақ жылдар бойғы қызметіне алғыс білдіріп, оған бақыт пен денсаулық тіледі және ұжымның атынан естелік сыйлық табыс етті.