Басты байлық
Кез келген мемлекеттің басты байлығы - адами капиталы. Қай жұмыс жасалмасын, ол адамның өмір сүру сапасын арттыруға бағытталады. Жалпы, адамның денсаулығын жақсарту қай кезде де бірінші кезекте тұрған мәселе. Соған сай қалада жыл сайын денсаулық сақтау нысандарының саны көбею үстінде. Бұған нақты дәлел бар. Өткен 2019 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Белкөл кентінде дәрігерлік амбулатория салынып, қазір жұмысын бастады. Қызылөзек ауылдық округінде дәрігерлік амбулатория құрылысы толық аяқталып, жақын күндері ел игілігіне пайдалануға беріледі. Ал,
биыл Ақжарма ауылдық округінен жеке инвестор есебінен мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жалпы құны 196,8 млн. теңгеге дәрігерлік амбулатория салынады. Міне, осындай шарапатты шаруа ұлт демографиясын дамытуға дем береді. Айталық, былтыр қаламызда 10 мыңнан аса сәби дүниеге келді.