Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Шынайы шаралар

Шынайы шаралар

    Қызылорда – ұлы тарихтың темірқазығы тектес, топырағы текті қала. Ал, киелі Сыр өңірінің тарихы тіпті тереңде жатыр. Сонау біздің заманымызға дейінгі 4-5 ғасырдан бастау алған Сақтардың Ордасы, бертін келе Оғыз-Қыпшақ бірлестіктерінің орталығы, Алтын Орда мен Ақ Орда Хандарының туын тіккен қасиетті мекен. Тарихты қозғаудың да астарында үлкен мән бар. Олай дейтініміз, биыл Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 25 жылдығын, Ұлы Жеңістің 75 жылдығын, ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын, ұлы Абайдың 175 жылдығын атап өту шаралары жүзеге асуда.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының жастарға деген ерекше ықыласы мен зор сенімінің дәлелі ретінде 2020 жыл елімізде «Волонтер жылы» болып жарияланды. Осындай сан-салалы шаралар халықтық деңгейде аталады, елмен бірге тойланады. Әрине, тойдың көптігі жақсы, ғажап көңіл күй сыйлайды, аралас-құралас қадам жасалады, тарихи тұлғалардың тағылымы ұрпақ санасына сіңіріледі. Жалпы, қай тұрғыдан қарасақ та, қаланың өмірінде тәулік бойында тоқтап қалған тірлік жоқ. Бүгіннен ертеңнің жауапкершілігі жоғары. Қала әкімінің есебінен білгеніміздей, алдағы уақытта атқарылар шаруа шаш етектен. Оған уақыт төреші шығар, бірақ күн санап кеңіген қаламыздың уақытпен үндескен жұмыстары аз емес. Бұған біз де, сіз де куә болып келеміз.
07 ақпан 2020 ж. 865 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам