Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мозамбик құрамасының ойыншысы «Қайсарға» келді

Мозамбик құрамасының ойыншысы «Қайсарға» келді

   Қызылорданың «Қайсар» командасы құрамына Мозамбик құрамасының ойыншысы Файфе Режиналдо қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Режиналдо 1990 жылдың 14 маусымында Мозамбиктің Келимане қаласында дүниеге келген. Үлкен футболдағы алғашқы қадамын 2013 жылы Португалияның «Насьонал» (Фуншал) командасында бастаған ол содан бері сол елдің «Санта-Клара», Албанияның «Люфтетари», «Лачи», «Кукеси» командаларында ойын көрсетті. Былтыр ол Қарағандының «Шахтері» құрамына жазда қосылып, 13 ойында 3 гол соқты. Файфе Режиналдо 2011 жылдан бері Мозамбик құрамасы сапында ойнайды. Қазірге дейін 25 кездесуде қарсыластар қақпасын 3 мәрте дәл көздеді. Бұдан бұрын «Қайсар» басшылығы қорғаушылар - Елдос Ахметов және Бағдат Қайыров, грузиялық шабуылшы Элгуджа Лобжанидзе, кабо-верделік жартылай қорғаушы Алвин Фортес, украиналық қорғаушы Ризван Аблитаровпен келісімшартқа отырған болатын.

08 ақпан 2020 ж. 694 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 525 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам