Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Қайсарға» Армения құрамасының футболшысы келді

«Қайсарға» Армения құрамасының футболшысы келді

  Қызылорданың «Қайсар» клубы тағы бір шетелдік ойыншымен толықты. Команда басшылығы Армения құрамасының шабуылшысы Тигран Барсегянмен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Тигран Барсегян 1993 жылдың 22 қыркүйегінде Армения астанасы - Ереван қаласында дүниеге келген. Кәсіби футболдағы алғашқы қадамын 2009 жылы Арменияның «Пюник» командасында бастаған. 2011-2013, 2015-2016 жылдарда сол елдің «Гандзасар», 2014-2015 жылдарда «Мика» командаларында ойнады. 2016 жылдан бері Македонияның «Вардар» командасының намысын қорғап, бұл клубта 54 ойында 2 голдың авторы атанды. Футболдан Армения құрамасы сапында 2016 жылдан бері ойын көрсетіп келеді. Бүгінгі күнге дейін 16 кездесуде қарсыластар қақпасына 2 гол соққан. Алғашқы голын 2016 жылдың 1 маусымында Сальвадор құрамасымен кездесуде соқса, екіншісін 2018 жылдың 6 қыркүйегінде Ұлттар лигасында Лихтенштейн құрамасының қақпасына енгізді.    «Қайсар» қаңтардың алғашқы күндерінен бастау алған оқу-жаттығу жиынынын алғашқы күндері клуб басшылығы жартылай қорғаушы Марат Хайруллин, қорғаушы Иван Садовничий келісім шартқа отырды. Сондай-ақ, былтырғы жылы ойын көрсеткен 15 футболшымен келісім-шарт мерзімін ұзартты. Одан кейін команда құрамына хорватиялық қорғаушы Марин Оршулич қосылды. Аруба құрамасының жартылай қорғаушысы Джон Джошуа биыл «Қайсар» құрамын толықтырды. Ал 22 қаңтарда «Қайсар» конголық Куле Мбомбомен келісімшартқа отырды. Қазір «Қайсардың» құрамында хорватиялық қорғаушылар Иван Граф пен Марин Оршулич, камерундық қорғаушы Абдель Азиз Ламанж, серб шабуылшысы Братислав Пуношевац, арубалық жартылай қорғаушы Джон Джошуа, конголық Куле Мбомбо бар. «Қайсар» 22 қаңтарда Түркияда Украинаның «Олимпик» командасымен жолдастық кездесу өткізді. Бұл ойында «Қайсар»  аталмыш қарсыласынан 1:3 есебімен жеңіліп қалды.   
25 қаңтар 2019 ж. 1 257 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 048 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам