Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Түйткілді мәселелер шешімін табады

Түйткілді мәселелер шешімін табады

Осы уақытқа дейін қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тұрғындармен тікелей жүздесіп, жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізіп келді. Онда байқағанымыздай, тұрғындар көбіне баспана, жер және жұмысқа байланысты сауал жолдап, өз өтінішін білдіреді. Кездесуде азаматтар тарапынан келіп түскен сауалдар тыңдалып, басшылықтың бақылауында болатыны айтылды. Соған орай, тұрғындардың талап-тілегін ескерген қала әкімі қала аумағындағы бірқатар нысандар мен мөлтек аудандарды аралап, олардың жағдайымен танысты.   
Ең алдымен қала әкімі «Арай», «Шұғыла» және КБИ шағын аудандарындағы тұрғындармен жүздесті. Жүздесуде маңызды мәселелер тыңдалып, жауапты сала басшыларына олардың шешімін табуын міндеттеді. Кездесу барысында қоғамдық көліктің қатынауы, ауыз су, электр жарығы және жол жөндеу жұмыстарына байланысты қиындықтар бар екендігі айтылды. Бұған дейін де қала басшысы қалаға қарасты ауылдық округтер мен шеткі аймақтарды аралаған еді.  
Қала орталығында әлі де проблемалар бар. Жергілікті халықтың мұң-мұқтажын тыңдаған қала басшысы бұл мәселелердің кезең-кезеңімен шешілетінін мәлімдеді. Жалпы, тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтардың шешімін тауып жатқандығына ризашылығын білдірді.  
Айнұр МАМАНҚЫЗЫ.
24 маусым 2019 ж. 1 099 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 582 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам