Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазақстанның барлық азаматы волонтер бола алады

Қазақстанның барлық азаматы волонтер бола алады

    Қазақстанның барлық азаматы волонтер бола алады. Бұл туралы волонтерлердің «BIRGEMIZ» республикалық фронт-кеңсесін ресми іске қосу шарасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Халықаралық зерттеуге сәйкес, Қазақстан әлі күнге дейін волонтерлік қызмет деңгейі төмен елдер тобында тұр. Волонтерлік мәдениет, дәстүр, ынталандыру жеткілікті дамымаған. Есепке алу және ынталандыру жүйесі де дамымай отыр. Міне осының барлығын біз осы жылы шешіп, волонтерлікті жаңа деңгейге көтеруміз қажет», - деді министр.
Оның атап өтуінше, дәл осы проблемаларды шешу үшін республикалық волонтерлік фронт-кеңсе іске қосылып отыр. «Яғни, Қазақстанның барлық азаматы келіп тіркеліп, волонтер бола алады. Бұған қоса, біз азаматтарымыздың барлық қажеттілігін осы жерге шоғырландырамыз. Бұл оларға көмектесе алуымыз үшін жасалады. Сондай-ақ 17 облыста өңірлік кеңсе ашамыз және мұның барлығы бірыңғай жүйемен жұмыс істейтін болады. Call-орталық жұмыс істейді», - деді Дәурен Абаев.
12 ақпан 2020 ж. 905 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 854 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам