Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жастар жылында іске асырылатын шаралар

Жастар жылында іске асырылатын шаралар

«Жас маман» бағдарламасы бойынша 200 мыңнан астам маман дайындалады. Бұл туралы халықпен есептік кездесуінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Министрлік жұмысының негізгі басымдықтарының бірі жастарды қолдауға арналған. Жас қазақстандықтардың өзекті проблемаларын тиімді шешу үшін Жастар жылын жүзеге асыру бойынша Жол картасы бекітілді. Оның аясында 89 шара қарастырылып отыр», - деді министр.
Осы орайда  Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға бір мың жалға берілетін пәтердің құрылысы ескерілген. Министрлік жалға берілетін баспананы ұсыну бойынша тиісті ережені әзірледі және оны 2019 жылдың 1 тамызына дейін бекіту жоспарланып отыр. Екіншіден, жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау қамтылды. Ол үшін арнайы «Жас кәсіпкер» жобасы дайындалды. Үшіншіден, кәсіпкерлік негіздеріне үш жылдың ішінде 50 мың студентті оқыту көзделіп отыр. Сонымен бірге, мемлекеттік гранттарды жас кәсіпкерлерге ұсыну қарастырылған.
«Төртіншіден, білім беру мен волонтерлікті дамыту аясында жастар арасында «Жас маман» бағдарламасы әзірленді. Жоба аясында ел бойынша оқу орындары үшін 400-ден астам заманауи жабдықтардың жиынтығы алынады», - деді ведомство басшысы.
Бағдарлама нәтижесінде 210 мыңнан астам білікті кадр дайындықтан өтеді, сондай-ақ 15 мыңнан астам оқытушы біліктілігін арттырады.
 «Бесіншіден, жас ғалымдардың іргелі және қолданбалы зерттеулерін гранттық қаржыландыруды жылына 3 млрд теңгеге арттыру жоспарланып отыр», - деді министр.
26 маусым 2019 ж. 1 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам