Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МИНИСТР: ҚЫТАЙЛАР ҚАЗАҚСТАНҒА ЖАППАЙ ҰМТЫЛЫП ЖАТЫР ДЕГЕН СӨЗ - ДАҚПЫРТ

МИНИСТР: ҚЫТАЙЛАР ҚАЗАҚСТАНҒА ЖАППАЙ ҰМТЫЛЫП ЖАТЫР ДЕГЕН СӨЗ - ДАҚПЫРТ

   Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазнетте талқыланып жатқан "синафобия" жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  
"Открытый диалог" бағдарламасының эфирінде Абаев Қытай азаматтарына қатысты визасыз тәртіп енгізу ешқашан көтерілмегенін және талқыланбағанын мәлімдеді.  "Сонымен қатар транзит жолаушыларына - Қытай мен Үндістан азаматтарына қатысты 72 сағаттық визасыз тәртіп енгізілді. Қазақстанның ауқымы кең, сондықтан жүк пен жолаушылар транзитін естен шығармауымыз қажет. Мәселен, Қытай азаматтары Еуропаға, Ресейге Қазақстан арқылы ұшса, бұл бізге тиімді. Бірақ Қазақстан арқылы теміржол көлігі қызметін пайдаланатын транзит жолаушыларына да, ұшып-қону интервалы ұзақ әуерейстеріне де бір тәулік аздық етеді, сондықтан транзит жолаушыларының елде болу уақытын үш тәулікке дейін ұзарттық", - деді Дәурен Абаев.  
Ол қауіпсіздік, көші-қон, тіркеу және шетелдіктердің елде болу тәртібіне жауапты барлық мемлекеттік органның барлық шетелдікті, оның ішінде "Қытай азаматтарын" бақылауға қажетті барлық құралы бар.  "Синофобия, яғни қытайфобия тарихтан бастау алады. Бұл факторды фейк жасаушылар жүйелі түрде қолданылады, себебі Қытайға байланысты кез келген "қорқынышты әңгіменің" барлығын қазақстандық қолданушылар желілерде бірден іліп әкетеді. Екінші фактор - орыс және тіпті ағылшын тілдеріне қарағандабіздің азаматтардың көбі қытай тілін біле бермейді. Сондықтан шын мәнінде не болып жатқаны бізге түсініксіз қалады. Үшінші фактор - Қытайды білмеу. Қытайда болған адам мен болмаған адамның ойында бұл ел туралы ой әрқилы, осы себепті қазақстандықтардың басым бөлігі стереотипке қатып қалған. Қытайлықтар жаппай Қазақстанға ұмтылып жатыр деген сөз - дақпырт", - деп мәлімдеді Абаев.
08 шілде 2018 ж. 1 284 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам