ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицей базасында «Мәңгілік ел болудың баянды жолы - рухани жаңғыру» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Аталған семинарға білім бөліміне қарасты мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Семинарды қалалық білім бөлімінің әдіскері Рита Жұмамұратқызы ашып, семинарға қатысушыларды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.
Мерекелік шара «Рухани жаңғырудың жарқын жолын бастаған - Елбасы» тақырыбындағы салтанатты жиынмен басталды.
Шара барысында «Мәңгілік ел көшбасшысымен татулық кемесінде», «Рухани жаңғыру - ұлт болашағы», «Кемел елдің кемеңгер көшбасшысы» тақырыптарында танымдық сабақтар, «Елбасы еңселеткен елміз», «Ұлт байлығымызды жаңғыртқан - Елбасы» тақырыптарында тәрбие сағаттары және «Салауатты өмір – біздің болашағымыз» тақырыбында спорттық сайыс пен түрлі шаралар ұйымдастырылды.
Семинар соңында ашық тәрбие сағаттары мен танымдық сабақ көрсеткен ұстаздар білім бөлімінің «Алғыс» хатымен марапатталды.