Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады

Батыр бауыр

   Ресейде қаны қазақ бауырымыз жайлы аңыз әңгіме тарағанына біршама уақыт өтті. Ұмытпасам, 2015 жылдың аяғында Ресей президенті В.Путин өз қолымен Ресей Федерациясының батыры атағын кеудесіне тақты. Бұл полковник Серік Сұлтанғабиев еді, түбі қазақстандық, Қостанай облысы Мендықара ауданы Введенка ауылында 1972 жылы туған. Ол қандай ерлік жасады? Батыр атануының себебі неде?
Әңгіменің әріден бастайын. Серік қарапайым отбасынан шыққан, әкесі малшы, шешесі сауыншы болған. Алты ағайынды. Мектептен соң Ұлы Қазан көтерілісіне 50 жыл атындағы Челябі жоғары танктік командалық училищесінде оқыды. Онан кейінгі өмірі Ресей жерінде жалғасты. Ол Шешенстандағы бірінші және екінші соғысқа қатысқан азамат. Лейтенант Серік 2-ші гвардиялық танк дивизиясы 78-ші арнайы барлаушы батальоны құрамында Грозный қаласы мен «Президент сарайын» алу операциясына қатысты. Осы жерде, яғни «обком» ғимаратын қорғау барысында қоршауда қалып қояды. Қарулы топпен қақтығыс екі тәулікке ұласты. Бірақ Серіктің жігіттері берілмеді. Арасында қолма-қол ұрыс та өтті. Сәтін тауып сытылып шығып, «Кавказ» қонақ үйі мен Грозный орталығын қарулы топтан азат ету жүзеге асты. Батыр бауырымыз «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Ал, екінші ұрыстағы ерлігіне «Отан алдындағы сіңірген ерлігі үшін» орденін кеудесіне тақты.Осылай взвод командирінен мотоатқыштар батальоны командиріне көтерілген ол 2009 жылы Ресей ІІМ қарасты ішкі әскер қатарында қызмет етті. Арасында М.В. Фрунзе атындағы әскери академияны да бітіріп алды. Негізінен Серік Ғазисұлы Челябі, Екатеринбург қалаларында бірнеше әскери бөлімде, оның ішінде шекара, полиция саласы бойынша еңбек етіп жүрді.
2014 жылдың 5 мамырындаСерік Сұлтанғабиев Свердлов облысы Лесная қаласындағы №3275 әскери бөлімнің командирі болып тағайындалды. Бұл бөлімі стратегиялық мемлекеттік нысандар мен арнайы жүк тасымалын күзетті. Командирдің күтпеген оқиғасы осы бөлімде орын алды. 25 қыркүйек күні әскери бөлімнің оқу-жаттығы алаңында кіші сержант Алексей Теленин РГД-5 гранатасын қолдану барысында қалт кетті. Граната қолдан сырғып кетіп, аяғының астына түсті. Осы қысылтаяң сәтте Серік сергектік жасап, Алексейді әудем жерге лақтырып, өзі гранатаны кеудесімен басып жатты. Ол жарылды, командир ауыр жараланды. Хал үстінде жатыр. Дереу госпиталға жеткізілді. Алдымен Леснаяда, сосын тікұшақпен Екатеринбургке апарып, 5 сағат бойы ота жасады. Абырой болғанда, оққағар кеудешесі ажалдан аман алып қалды. Дегенмен көп жарықшақ оның аяғына, бетіне қадалып, ағзаны кәдімгідей зақымдады.
Ол ұзақ емделді, аяғынан тұрды. Оқиға болған жерде әскери прокуратура зерттеу жүргізді, онда ешқандай қылмыстық жағдай болмағанын тапты. Сонымен 24 қараша 2014 жылы Ресей Президентінің Жарлығымен әскери міндетін атқарудағы ерлігі мен батырлығы полковник Серік Сұлтанғабиевқа Ресей Федерациясының Батыры атағы берілді. Оны Президент тапсырды.
Қазір Серіктің жағдайы жақсы. Әскери қызметін атқаруда. Әйелі Катя да әскери адам. Ұлы Руслан әскери институтта оқиды.
Қ.ШӘРІБЕКҰЛЫ.
15 ақпан 2020 ж. 646 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 439 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам