Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Министр Нұрымбетов көпбалалы отбасыларға қатысты шешім қабылданғанын мәлімдеді

Министр Нұрымбетов көпбалалы отбасыларға қатысты шешім қабылданғанын мәлімдеді

   Сегізінші және одан кейінгі балаларға жәрдемақыны сараланған түрде төлеу жоспарланып отыр. Мысалы, 8 балаға 85 мың, 10 балаға – 106 мың, 15 балаға 159 мың теңгеден төленеді
Енді бала саны жетіден асатын көпбалалы отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақының мөлшері өседі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр биылдан бастап көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақы төленетінін еске салды. Жәрдемақы бала санына қарай сараланған мөлшерде беріледі.
Төрт балаға 42 500 теңгеден 7 және одан да көп бала үшін 74 400 теңгеге дейін. Қазір бұл көмекті жыл басынан бері 370 мың отбасы алды.
"Қазіргі уақытта бұл жәрдемақы жеті баладан әрі қарай біркелкі мөлшерде төленеді. Сондықтан біз осы мәселені қарастырып, сегізінші және одан кейінгі балаларға да жәрдемақыны сараланған түрде төлеуді жоспарлап отырмыз. Мысалы, 8 балаға 85 мың, 10 балаға – 106 мың, 15 балаға – 159 мың теңгеден төленетін болады", - деді министр ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.
2020 жылға осы мақсаттарға бюджетте 177,6 миллиард теңге қарастырылған.


17 ақпан 2020 ж. 783 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам