Мамандардан кеңес. Сіз үшін
Үйіңізді түрлі зиянкестерден улап, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуді жоспарладыңыз ба? Онда бұл кеңестер Сіз үшін
Қазіргі уақытта жәндіктер мен кеміргіштерді жою қызметін көрсету жөніндегі қызмет лицензиялауға жатпайды. Сәйкесінше, бұл қызмет түрлерін тек арнайы дайындалған кәсіби мамандары бар ұйымдар ғана емес, сонымен қатар арнайы дайындықтан өтпеген мамандары жоқ және өңдеу үшін беймәлім препараттарды пайдаланатын "кездейсоқ" ұйымдар да көрсетуі әбден мүмкін.
Мұндай ұйымдармен көрсетілген қызмет ақшаны ысырап қылумен қатар, денсаулыққа да айтарлықтай зиянын тигізеді. Сондықтан Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті үй-жайларға дезинфекция жүргізу кезінде аса мұқият болуды және дезинфекция жұмыстарын жүргізумен айналысатын ұйымдарды таңдағанда асажауапты болуға шақырады.
Дезинсекция, дезинфекция және дератизация дегеніміз не және оларды қалай дұрыс жүргізу қажет?
Дезинсекция – жәндіктер мен басқа да буынаяқтылардыжоюжөніндегііс-шараларкешені;
Дезинфекция – инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жою жөніндегі шаралар кешені;
Дератизация – кеміргіштерді жою жөніндегі іс-шаралар кешені
ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
•Дезинсекциялық жұмыстарға арнайы оқудан және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамадан өткен, осы қызметке медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ тұлғалар жіберіледі.
•Жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдар пайдаланылуы тиіс, жарамдылық мерзімін тексеру және дезинфекциялық өңдеу құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті талап ету қажет.
•Дезинфекциялау құралдары қауіптілікке байланысты әр түрлі сыныптарға бөлінеді, сондықтан дезинфекциялау құралдарын сатып алу кезінде мамандармен кеңесу маңызды!
•Дезинсекцияға байланысты барлық іс-шаралар тек арнайы киімде және тыныс алу органдарын, көз бен теріні жеке қорғау құралдарын қолдана отырып жүргізіледі.
•Зиянкестер мен жәндіктерді жою жүргізілетін үй-жай жұмыс жүргізгенге дейін мұқият жиналуы тиіс. Үй-жайды өнімдер мен сусындардан, шикізаттан және судан босату қажет.
•Үй-жайларда дезинсекция жүргізу кезінде залалсыздандыру жұмыстарына тікелей қатысы жоқ адамдар болмауы тиіс.
•Өңделетін үй-жайларда кез келген адамның жеке қорғану құралдарынсыз болуына жол берілмейді. Өңделетін үй-жайларда темекі шегуге және тамақ ішуге жол берілмейді.
МАҢЫЗДЫ!
Қызылорда облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті облыс тұрғындарын белгіленбеген жерлерде залалсыздандыру препараттарын сатып алмауды, сондай-ақ ешбір жағдайда да өз бетінше өңдеу жүргізбеуді сұрайды.
Улау жұмыстарын өз бетіменжүргізу денсаулыққа зиян келтіруі кейде өлім жағдайларына алып келуі мүмкін екендігін естен шығармаңыз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
Өңдеуге жататын үй-жайда тұратын адамдарды улау жұмыстарының жүргізілетіндігі туралы және қажетті сақтық шаралары туралы алдын ала хабардар ету қажет. Сондықтан үйде жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы дезинфекциялық өңдеу жүргізер алдында, міндетті түрде көршілерге хабарлауды ұмытпаңыз.
ДЕЗҚҰРАЛДАРМЕН УЛАНУ КЕЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК
Барлық дезқұралдар ұқыпсыз пайдаланылғанда жергілікті тітіркендіргіш және жалпы уытты әсер етуі мүмкін.
Дезқұралдардың буымен уланған кезде келесідейй белгілер пайда болады
- жалпыәлсіздік
- тұншығу
- жөтел
- жүрекайнуы,
- құсу
- бастыңайналуы.
Жоғарыдааталғансимптомдарпайдаболғанжағдайдаалғашқыкөмеккөрсету, науқасты таза ауаға шығару немесе терезені ашу қажет. Ауызқуысын таза суменшайып, қажетболғанжағдайдажеделжәрдемшақыру керек.
Қазақстанда дезинфекция, дезинсекция, дератизация қызметтерін көрсету жөніндегі қызмет лицензиялауға жатпайды. Бірақ мұндай жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар бар.
Дезқұралдарды қолдану шарттары олардың қауіптілік дәрежесімен анықталады. Тұрғын үй-жайларда тек қауіптілігі аз (IV сынып) және орташа қауіпті (III сынып) құралдарды пайдалануға рұқсат етіледі, екінші жағдайда қолдану шарттарын міндетті түрде регламенттей отырып (препараттың шығыны, желдету режимі, жинау).
Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті