«Бірыңғай кезекшілік диспетчер қызметі» жұмыс істейді
Қызылорда облысында республикада бірінші болып «Бірыңғай кезекшілік диспетчер қызметі» жобасы іске қосылды. Енді барлық жедел қызметтер (101, 102, 103, 112) бірыңғай «112» нөмірімен жұмыс істеуде.
Аймақта экономиканың әр түрлі салаларына жоғары технологияларды жеделдетіп ендіру үшін цифрландыру бойынша 47 жоба жүзеге асырылып, тағы 11 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Алдымызда тұрған келесі міндет – барлық өмір тіршілік инфрақұрылымдарын онлайн-сервиспен қамтамасыз ету. Бейнекамералар мен GPS-құрылғыларымен қамтылған қалалық автобустарға электрондық билеттеу жүйесін сынақтық режимде қостық. Бұл жоба, біріншіден қалада ашылған автобус паркінің тиімділігін арттырып, өз- өзін ақтап, өз қаражаты есебінен автобустарды жаңалауға, жаңа маршруттар ашуға, автобус қатынастарын жиілендіруге мүмкіндік береді деп ойлаймын. Әрине, біз бюджет қаражаты есебінен де қосымша автобустар сатып алуға қаржы бөлетін боламыз», - деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.